Рамалық құрылыс аспа жолдары

Нур-Султан қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

Рамалық құрылыс аспа жолдары

Ramnnyje_lesa.jpg

Құрылыс аспа жолдары  биіктігі үш метрден жоғары құрылыстарды салған кезде биіктікке құрылысшылар мен барлық  қажет  жабдықтарды көтеруге  қажет. Рамалық құрылыс аспа жолдары қазіргі уақытта жеңіл және берік металлдардан жасалады, олар құрастыру мен бұзудың ыңғайлылығына кепіл бола алады және 0,5 тоннаға дейінгі ауырлыққа төтеп береді. Рамалық құрылым сенімділігін арттыруға көмектеседі.

Аспа жолдардың бірнеше түрлері бар, олар қазіргі заманғы құрылыста кеңінен қолданылады. Олардың ең көп тарағаны- рамалық аспа жолдары.

Бұл жеңіл құрылымдар, олар диагональды тартулардан, еден ригельдерінен, рамалардан, табандардан, анкерлерден, байланыстартардан және тығындардан тұрады, олар құрылыс саласында кеңінен қолданыларды  және құрастырудың жеңілдігіне және қолжетімдігігіне байланысты үлкен сұранысқа ие. Рамалы аспа жолдардың мұндай қасиеттері жобамен жұмыстың уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Оларды 100 м биіктікке дейін тұрғызуға болады, бұл  аспа жолдарды әр түрлі қабатты үйлерді салғанда қолдануға мүмкінідк береді – жазғы үйлер мен коттедждерден бастап биік ғимараттарға дейін. Өтпелі рама, сатылы рама, диагональды байланыспен, горизонтальды байланыспен және тіреулі табанды құрылымдар болады. Құрылымдарды атмосфералық  разрядтардан сақтандыру үшін рамалы аспа жолдарды найзағай өткізгішпен және жерге қосумен жабдықтайды.

Рамалы аспа жолдары диаметрі әртүрлі құбырлардан жасалғанымен, олардың технологиялық құрылымдарында елеулі айырмашылықтар жоқ, сондықтан рамалы құрылыс аспа жолдарын таңдаудың шешуші шарты қандай да бір түрінің бағасы болып табылады. Құрылыс аспа жолдарын көптеген маркалар мен жасаушылардың арасынан таңдау  кезінде олардың үздік сапасы, төмен бағасы, сенімділігі және заттың беріктігі тәрізді факторларды есепке алады. Құрылыс аспа жолдарын бізден сатып ала отырып, сіз дұрыс таңдау жасайсыз, себебі біздің зауыт – бұл сенімділік пен сапа, өйткені біз бұл салада ежелден келе жатқан көшбасшымыз және біз үшін  әрбір клиент маңызды. Құрылыс құрылыс аспа жолдарын жасау кезінде тек қана жоғары технологиялы жабдықтар ғана қолданылады және сапаны кұрделі бақылау жүргізіледі, осыған байланысты біздің өнім  жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Бізге пайдаланудың қауіпсіздігі басты мәселе болып табылады, оған көптеген заттар байланысты. Сондықтан, егер сіз құрылыс аспа жолдарын сатып алғыңыз келсе, біздің зауыт – сіздің іздегеніңіз болып табылады!