ТОО "Гамма-KZ" - Тауарлар каталогы

Нур-Султан қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

«Гамма-каскад» ірі қалқанды қалыптары

«Гамма-каскад» ірі қалқанды қалыптары

Толық сипаттамасы

Ірі қалқанды біріктірілген қалыптар құрылыс индустриясының ғимараттарының монолитті қабырғаларын бетондауға арналған. Қалыптардың көмегімен кез келген пішіндегі қабырғалар салынады, сол сияқты жертөлелердің іргетасы мен қабырғалары бетондалады. Қалыптардың құрылымы ГОСТ Р 52085-2003 1 санатының талаптарына сәйкес келеді. «ГАММА-КАСКАД» қалыптары  құрылымы бойынша «ГАММА» қалыптарын қайталайды және онымен толық үйлесімді. 

«ГАММА-КАСКАД» ірі қалқанды қалыптарының бөлшектері болат қатты илектелген тұйық қималы қалыңдығы 2,8-3,0 мм профильден жасалған. Қалқанның беті ГОСТ 3916.1-96 бойынша жабындымен қорғалған қалыңдығы 18 мм ламинатты фанерадан   жасалған. Бұл жабынды фанераның қырлары жасау кезінде қорғалған жабындымен бірдей. Қалыптар бетондау кезінде барлық салмақтарды көтеретін қалқандар жинағынан және оны жобадағы жағдайға келтіруді, дәлдеуді және жұмыс істеу кезінде қалыптарға қызмет етуді қамтамасыз ететін қосымша жабдықтардан  тұрады. 

«ГАММА-300» ЖӘНЕ «ГАММА-330» ҚАБЫРҒА ҚАЛЫПТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Суреті  Сипаттамасы
2016-11-08_113744.gif   

Сызықты қалқан.

Ғимараттың қабырғасының тікелей бөлшектерін құюға тамаша келеді. Қалқан қалыңдығы 3,5 мм профильден дәнекерленген болатн каркасқа бекітілген 18-миллиметрлік ламинатты фанерадан жасалған. Рамасына қатайтқыштар қосымша  беріктік береді. Фанераның қырлары ГОСТ 3916.1-96 талаптарына сәйкес келетін арнайы жабынмен өңделген, ол қырларды судың әсерінен қорғайды. Қалқандардың ені 300 мм-ден 1200 мм-ге дейін болуы мүмкін, олардың биіктіктері 3,3 м, 3,0 м немесе 1,5 м болады.

2016-11-08_113855.gif      

Шарнирлі қалқан.

75°-тан 135°-қа дейінгі бұрыштарды (ішкі және сыртқы) құруға қолданылады. Негізінде, шарнирлі қалқанның жақтарының өлшемдері 300х300 мм және 500х500 мм болады, алайда тапсырушының талабы бойынша қалқандардың өлшемдері өзгертілуі мүмкін. Қалқан дәнекерленген металл каркасқа бекітілген  ламинатты фанерадан жасалған.  

2016-11-08_114049.gif

Ішкі бұрыш.

Ішкі бұрыш ғимараттың қабырғаларының ішкі бұрыштарын құруға тамаша келеді.  Негізінде, бұрыштың жақтарының өлшемдері  300х300 мм болу керек, алайда қажет кезінде өзгертілуі мүмкін. Сол сияқты, тапсырушының талабы бойынша бұрыштың жақтарында әмбебап қалқандағыдай саңылаулар мен ойықтар жасалуы мүмкін. Ішкі бұрыш дәнекерленген металл каркасқа бекітілген  ламинатты фанерадан жасалған.  

2016-11-08_114140.gif  

Доға құрайтын элемент.

Доға құрайтын элемент дәнекерленген металл құрылғысына бекітілген болат беттен жиналған, ол қабырғаның дөңгелек жекеше бөліктерін құюға тамаша келеді.  Доға құрайтын элементтің стандарт ені 300 мм немесе 350 мм құрайды. 

2016-11-08_114225.gif   

«Гамма» әмбебап мырышталған құлыбы.

«Гамма» құлыбы – әмбебап құлып, ол жұмыстар жүргізу кезінде қалыптың қалқандарын біріктіруге арналған. Көбірек сақталу мен пайдалану ыңғайлылығы үшін құлып мырышталған. Құлыптың өлшемдері жұмыс кезінде ені 100 мм дейінгі қосымша  ендірмені пайдалануға мүмкіндік береді. 

2016-11-08_114343.gif  

Тарту жинағы.

Болат тарту қалыптардың қалқандарын құрастыру кезінде біріктіруге қолданылады. Бетондау аяқталған соң қалыптарды бұзу кезінде тартулар алынады. Тарту гайкалары бар  диаметрі 17 мм винттен тұрады. 

07_kronhteyn_podmostey.jpg

Мінбелер кронштейні.

Мінбелерді құрастыру кронштейні бетон жұмыстары жүргізілетін алаңшаларды орнату кезінде қолданылады. Кронштейннің  консольдерінің ұзындығы 1 м құрайды. Болат құбырлардан жасалады. Қоршау тіректерімен жабдықталған.

2016-11-08_114505.gif   

Екі  деңгейлі тіректер.

Екі деңгейлі тіректер – тіреу табаны мен винттері бар муфталардан тұратын арнайы құрылғы, ол қалыптардың вертикаль қалқандарын қажет кезінде тегістеп отыруға арналған. 

2016-11-08_114553.gif  

Кран ұстағышы.

Кран ұстағышы – бұл қалыптардың қалқанының рамасын оны кранмен тасымалдау кезінде тиімді ұстап тұратын  тез шешілетін механизм. 1,25 т дейінгі салмаққа арналған. 


Құрылымдық   ерекшеліктері

Суреті
Сипаттамасы
2016-11-08_115818.gif

Жоғары сапалы қатты профиль тұйық қималы 3,5 мм болаттан жасалған, қолданудың ұзақ мерзіміне, дұрыс өлшемдері және қалып қалқанының барлық құрылымының максимальды қаттылығына кепілдік береді. 

2016-11-08_114225.gif   

«Гамма» құлыбы әмбебап «ушеуі бірде». Ол қалқандарды сенімді ұстап тұрады және ені 100 мм дейінгі қосымша кірістіргішті қолдануға мүмкіндік  береді. Сол сияқты сыртқы бұрыш пен тегістегіштерді қолданбауға мүмкіндік береді. 

2016-11-08_114739.gif 

Қалыптардың құрылымы   қажет болған жағдайда тартуға арналған саңылауды тез және тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Құрылым 90кН/м-ге дейінгі қысымға төтеп бере алады. Бетондау жылдамдығы кез келген болуы мүмкін.

14_gamma_peri.jpg

«Гамма» қалыбы PERI қалыбымен бірге пайдаланылуы мүмкін. Қалыптардың қалқандары жағымды сыртқы түрі және  жүз пайызды фосфотация мен ұнтақтық бояудың арқасында коррозияға төзімді болып келеді. 

НАШИ ПРЕИМУЩЕСТВА

111.png
САПА  КЕПІЛДІГІ 1 ЖЫЛ
333.png
ҚОСЫЛУДЫҢ БАРЛЫҚ  ТҮРЛЕРІНЕ БІР ҚҰЛЫП
222.png
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН  ҚЫСЫМ 80 КН/М2 ДЕЙІН
999.png
300 АЙНАЛЫМНАН  АРТЫҚ АЙНАЛЫМВ

Құрамы:

«ГАММА-300» ЖӘНЕ «ГАММА-330» ҚАБЫРҒА ҚАЛЫПТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Сипаттамасы Мағынасы
Рұқсат етілген жүктеме 90кН/м
Қалқандардың айналымы 400 реттен артық
Рұқсат етілген жүктеменің кезінде майысуы L/400 артық емес
Қалқандардың биіктігі 3,3 м; 3 м; 1,5 м
Қалқандардың ені 0,3 м-ден 1,2 м-ге дейін
1 м2 салмағы 50 кг
Бетондау жылдамдығы  шектелмеген

«ГАММА-КАСКАД» ҚАЛҚАНДАРЫНЫҢ  САЛМАҚТЫҚ  СИПАТТАМАЛАРЫ

№ п/п "ГАММА КАСКАД  300" Қалқандар  
Ені     
Салмағы, кг
1 1200 172
2 1100 161
3 1000 150
4 900 140
5 800 129
6 700 118
7 600 107
8 500 96
9 400 83
10 300 72

№ п/п "ГАММА КАСКАД  330" Қалқандар 
Ені 
Салмағы, кг
1 1200 188
2 1100 176
3 1000 164
4 900 152
5 800 140
6 700 129
7 600 117
8 500 105
9 400 91
10 300 80