Тоннельдік қалыптар автомобиль тоннелінің монолитті темірбетон төбесін салуды механизациялауға арналған.
Қалыптар стандартты автокөлікпен тасымалданатын модульдерден жасалған.
Қалыптардың өзара шарнирлі түрде біріктірілген сегменттерден тұратын болат беті бар. Бетінің қалыңдығы 8мм. Беті қалып агрегатының барлық ұзындығы бойынша орналасқан П-тәріздес рамаларға қойылған.
Қалыпты бұзу үшін бетінің сегменттері гидравликалық цилиндрлермен тоннельдің қимасының ортасына қарай жылжытылады. Қалып агрегатында да гидравликалық цилиндрлер бар, олар тоннельдің алдын-ала бетондалған негізіне бұзуды реттеу үшін вертикальды кеңстікте жылжыту үшін тіреледі.
Төбесін бетондау бетондарға арналған люктер арқылы жүргізіледі.
Бетондауға арналған агрегатты жылжыту гидравликалық цилиндрлермен рельсті ұстау арқылы тірек рельстерімен жүргізіледі.
Қалыптық агрегатты басқару қол режимімен де, автоматты режиммен де жүргізіледі.