Болтты механикалық қосылыстар алдын ала дайындалған арматура өзегін RECO CB муфтасы мен болттың көмегімен металл конструкциямен түйістіруге арналған.
Арматураны механикалық қосу технологиясы екі кезеңнен тұрады: арматураны дайындау және қосылысты монтаждау. Дайындаудың бірінші кезеңінде арматура өзегінің ұшына RECO бұранда илемдеу станогының көмегімен цилиндрлік бұранда илемделеді. Екінші кезеңде қосылыс металл конструкцияға монтаждалады: дайындалған өзек бір жағынан RECO CB болтты муфтасымен, ал екінші жағынан беріктігі жоғары болтпен «гайка-болт» қағидаты бойынша бұралып қосылады.
| Өзек диаметрі (ММ) | Муфтаның сыртқы диаметрі D (ММ) | Муфтаның ұзындығы L (ММ) | P≥ (ММ) | N≥ (ММ) | M≥ (ММ) | Z (ММ) | Керу күші* ≥ (Hm) | Муфтаның таңбалануы |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 16 | 27±1 | 93±1 | 22 | 52 | 25 | М16х2,0 | 140 | RECO CB 16 |
| 18 | 30±1 | 96±1 | 24 | 61 | 27 | М20x2,5 | 150 | RECO CB 18 |
| 20 | 34±1 | 114±1 | 26 | 72 | 29 | М20x2,5 | 160 | RECO CB 20 |
| 22 | 36±1 | 131±1 | 29 | 86 | 33 | М24x3,0 | 220 | RECO CB 22 |
| 25 | 40±1 | 136±1 | 32 | 89 | 37 | М30x3,0 | 260 | RECO CB 25 |
| 28 | 44±1 | 153±1 | 35 | 104 | 40 | М30x3,0 | 270 | RECO CB 28 |
| 32 | 50±1 | 174±1 | 40 | 121 | 47 | М36x3,0 | 340 | RECO CB 32 |
| 36 | 57±1 | 184±1 | 45 | 125 | 51 | М42x3,0 | 350 | RECO CB 36 |
| 40 | 62±1 | 188±1 | 50 | 123 | 55 | М42x3,0 | 360 | RECO CB 40 |