ТОО "Гамма-KZ" - Тауарлар каталогы

Нур-Султан қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

«Экоформ» ірі қалқанды қалыптары

«Экоформ» ірі қалқанды қалыптары

Толық сипаттамасы

«Экоформ» ірі қалқанды біріктірілген қалыптары құрылыс индустриясының ғимараттарының монолитті қабырғаларын бетондауға арналған. «Экоформ» қалыптарының көмегімен кез келген пішіндегі қабырғалар салынады, сол сияқты жертөлелердің іргетасы мен қабырғалары бетондалады. Қалыптардың құрылымы ГОСТ Р 52085-2003 1 санатының талаптарына сәйкес келеді. «Экоформ» ірі қалқанды қалыптарының бөлшектері болат қатты илектелген тұйық қималы қалыңдығы 2,5-2,7 мм профильден жасалған.

Қалқанның беті ГОСТ 3916.1-96 бойынша жабындымен қорғалған қалыңдығы 18 мм ламинатты фанерадан   жасалған. Бұл жабынды фанераның қырлары жасау кезінде қорғалған жабындымен бірдей. Қалыптар бетондау кезінде барлық салмақтарды көтеретін қалқандар жинағынан және оны жобадағы жағдайға келтіруді, дәлдеуді және жұмыс істеу кезінде қалыптарға қызмет етуді қамтамасыз ететін қосымша жабдықтардан  тұрады.

Қалқандардың биіктіктері 2,7 м, 3,0 және 3,3 м. Қажет болған жағдайда олар горизонтальды қойылатын қалқандардан тұратын қосындылармен жалғанады – қалқандардың құрылымдары оларды кез-келген қимадан құрастыруға мүмкіндік береді.

Ірі қалқанды қалыптардың құрамына кіреді: сызықты, әмбебап, шарнирлі, доға құрайтын қалқандар, ішкі бұрыштар, қалыпты бұрыштар, гайкалары бар тартулар, құйылған құлып, әмбебап құлып, тіректер, мінбелер кронштейндері, қырлық анкерлер, кран ұстағыштары, ілмектері бар стромбектер.

НАШИ ПРЕИМУЩЕСТВА

111.png
САПА  КЕПІЛДІГІ 1 ЖЫЛ
555.png
ЭКОНОМДЫ  ШЕШІМ
222.png
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН  ҚЫСЫМ 70 КН/М2 ДЕЙІН
888.png
250 АЙНАЛЫМНАН  АРТЫҚ АЙНАЛЫМ

Құрамы:

Экоформ.jpg

Суреті
Сипаттамасы
01_narugniy_ugol.jpg

Сыртқы бұрыш.

«Гамма» әмбебап құлыптарымен 90° бұрышпен біріктірілген сызықты қалқандармен құрылады.

2016-11-08_112431.gif  

Тартулар.

Қалқандарды өзара жобалы жағдайда біріктіруге арналған. L=1м, d=17мм винт пен гайкалардан тұрады. Қалыптарды бұзу кезінде тартулар алынады.

2016-11-08_112540.gif

Әмбебап құлыптар.

Қалыптардың қалқандарын біріктіреді және қалқандардың арасына қалыңдығы 100 мм дейінгі қосындыларды қоюға мүмкіндік береді. 

2016-11-08_112647.gif

Кран ұстағышы.

Кранмен көтерген кездегі тростың  тартылуы кезінде қалқанның рамасын сенімді қорғайды. Қалыңдығы 100 мм жолақтардан дәнекерленген, көтеретін ілмекке анралған құлағы бар механизм болып табылады. Рұқсат етілген салмақ -1,25 тонна.

05_anker_torcevoy.jpg

Қырлық анкер.

Қалыптарды монолитті қабырғалардың кырларына  бекітуге, сол сияқты, әмбебап қалқандардан колонналар құрастыруға арналған.

06_strombek.jpg

Ілмектері бар стромбек.

Қабырғаларды горизонтальды және вертикальды жазықтықтарда қосымша тегістеуге арналған.

2016-11-08_112836.gif

Тіректер.

Панельдерді вертикальды жазықтықта тегістеуге арналған. Винт муфталары мен тіреуіш табандары бар құбыр штангалар болып табылады.

08_kronchteyn.jpg

Мінбелер кронштейндері.

Бетон жұмыстары жүргізілетін алаңшаларды орнату кезінде қолданылады. Консольдің ұзындығы - 1 м. Болат құбырдан дәнекерленген. Кронштейндер қоршау тіректерімен бірге панельге бір қатар болып ілінеді.


Сипаттамасы Мағынасы
Рұқсат етілген жүктеме 70кН/м
Қалқандардың айналымы 250 реттен артық
Рұқсат етілген жүктеменің кезінде майысуы L/400 артық емес
Қалқандардың биіктігі 3,3 м /3 м/2,7 м /1,5 м
Қалқандардың ені 0,3 м-ден 1,2 м-ге дейін
1 м2 салмағы ~40 кг 
Бетондау жылдамдығы  шектелмеген