Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

«Гамма» ірі қалқанды қалыптары

Толық сипаттамасы

Гамма қабырға қалыптары құрылыс индустриясының ғимараттарының монолитті қабырғаларын бетондауға арналған. Гамма қалыптары Peri Trio қалыптарымен үйлестіруге жарамды.

 Гамма – премиум деңгейлі қалып, қабырғасы 3,5-3,7мм профильді, ең жақсы және қымбат шикізаттан Германия өндірісіндегі роботталған желілерде жасалады. Ең үздік еуропалық үлгілермен, едәуір тиімдірек бағасы бола тұра,  бір деңгейде жарыса алады. 

  ГАММА  ҚАЛЫПТАРЫНЫҢ  АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • Гамма  қалыптарының беріктігі жоғары (каркасы болат бөлшектерден дәнекерленген).

  • Өлшемдері қатаң сақталған (ауытқулары бір метрге 1 мм аспайды).Щиты не деформируются под воздействием давления бетона.

  • Қалқандар бетонның қысымының әсерінен майыспайды.

  • Сол сияқты біздің қалыптардың айналымы жоғары, 400 циклға дейін.

Өндіріс кезінде біздің өнім сапаның қатаң бақылауынан өтеді. Ірі қалқанды монолиттік қалыптардың бағасы орта қалқанды және ұсақ қалқанды қалыптарға қарағанды жоғарырақ, алайда монолитті құрылыс кезінде ірі қалқанды қалыптар ең  тартымды және тиімді нұсқа болып табылады. Осының арқасында, біздің өнімдер құрылыс жабдықтары нарқында  танымалы болып табылады. Қабырғалардың ірі қалқанды металл қалыптары кез келген биіктіктегі және күрделіктегі ғимараттар мен нысандарды тез және сапалы салуға мүмкіндік береді. Біздің қалыптардың арқасында сіз тегіс сапалы беттер және ұқыпты тігістер аласыздар, олар салынып жатқан нысанды одан әрі әрлеудің бағасын едәуір төмендетеді.

Қалыптардың жеткізу жинағына, қалқандардан  басқа, қалыптарды құрастыру кезінде қалқандар бекітілетін қосалқы бөлшектер де кіреді. Біздің қалқанды қалыптардың қарапайымдылық пен құрастыру сенімділігі, құрастыру дәлділігі, беріктігі тәрізді  артықшылықтары бар. Қалыптың қалқандары әртүрлі өлшемді болуы мүмкін және олар бетон қоспасының орасан зор қысымына төтеп бере алады (90 кН/м2 дейін).

 Сол сияқты біздің компания қауырт салынып жатқан қалалардың құрылыс нарқында ерекше сұраныс тудыратын  ұсақ қалқанды қалыптарды шығарады. Ірі қалқандыдан бұл қалыптар, негізінде, қалқандардың өлшемдері мен материалымен ерекшеленеді, сондықтан оларды крандар мен тиегіштерді қолданбай тасуға және жинауға болады. Мұндай қалыптардың қалқандары болат немесе сапалы аязға төзімді пластиктен жасалған каркасқа бекітілген ламинатты фанерадан жасалады. Еген сізге Гамма қалыптарын сатып алу қажет болса, сіз әрқашан біздің компанияның менеджерлеріне хабарласа аласыз.

«ГАММА-300» ЖӘНЕ «ГАММА-330» ҚАБЫРҒА ҚАЛЫПТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Суреті   Сипаттамасы
2016-11-08_113744.gif 

Сызықты қалқан.

Ғимараттың қабырғасының тікелей бөлшектерін құюға тамаша келеді. Қалқан қалыңдығы 3,5 мм профильден дәнекерленген болатн каркасқа бекітілген 18-миллиметрлік ламинатты фанерадан жасалған. Рамасына қатайтқыштар қосымша  беріктік береді. Фанераның қырлары ГОСТ 3916.1-96 талаптарына сәйкес келетін арнайы жабынмен өңделген, ол қырларды судың әсерінен қорғайды. Қалқандардың ені 300 мм-ден 1200 мм-ге дейін болуы мүмкін, олардың биіктіктері 3,3 м, 3,0 м немесе 1,5 м болады.

2016-11-08_113855.gif      

Шарнирлі қалқан.

75°-тан 135°-қа дейінгі бұрыштарды (ішкі және сыртқы) құруға қолданылады. Негізінде, шарнирлі қалқанның жақтарының өлшемдері 300х300 мм және 500х500 мм болады, алайда тапсырушының талабы бойынша қалқандардың өлшемдері өзгертілуі мүмкін. Қалқан дәнекерленген металл каркасқа бекітілген  ламинатты фанерадан жасалған.  

2016-11-08_114049.gif 

Ішкі бұрыш.

ВІшкі бұрыш ғимараттың қабырғаларының ішкі бұрыштарын құруға тамаша келеді.  Негізінде, бұрыштың жақтарының өлшемдері  300х300 мм болу керек, алайда қажет кезінде өзгертілуі мүмкін. Сол сияқты, тапсырушының талабы бойынша бұрыштың жақтарында әмбебап қалқандағыдай саңылаулар мен ойықтар жасалуы мүмкін. Ішкі бұрыш дәнекерленген металл каркасқа бекітілген  ламинатты фанерадан жасалған.

2016-11-08_114140.gif 

Доға құрайтын элемент.

Доға құрайтын элемент дәнекерленген металл құрылғысына бекітілген болат беттен жиналған, ол қабырғаның дөңгелек жекеше бөліктерін құюға тамаша келеді.  Доға құрайтын элементтің стандарт ені 300 мм немесе 350 мм құрайды. 

2016-11-08_114634.gif 

«Гамма» әмбебап мырышталған құлыбы.

«Гамма» құлыбы – әмбебап құлып, ол жұмыстар жүргізу кезінде қалыптың қалқандарын біріктіруге арналған. Көбірек сақталу мен пайдалану ыңғайлылығы үшін құлып мырышталған. Құлыптың өлшемдері жұмыс кезінде ені 100 мм дейінгі қосымша  ендірмені пайдалануға мүмкіндік береді. 

2016-11-08_114343.gif 

Тарту жинағы.

Болат тарту қалыптардың қалқандарын құрастыру кезінде біріктіруге қолданылады. Бетондау аяқталған соң қалыптарды бұзу кезінде тартулар алынады. Тарту гайкалары бар  диаметрі 17 мм винттен тұрады. 

07_kronhteyn_podmostey.jpg

Мінбелер кронштейні.

Мінбелерді құрастыру кронштейні бетон жұмыстары жүргізілетін алаңшаларды орнату кезінде қолданылады. Кронштейннің  консольдерінің ұзындығы 1 м құрайды. Болат құбырлардан жасалады. Қоршау тіректерімен жабдықталған.

2016-11-08_114505.gif  

Екі  деңгейлі тіректер.

Екі деңгейлі тіректер – тіреу табаны мен винттері бар муфталардан тұратын арнайы құрылғы, ол қалыптардың вертикаль қалқандарын қажет кезінде тегістеп отыруға арналған. 

2016-11-08_114553.gif

Кран ұстағышы.

Кран ұстағышы – бұл қалыптардың қалқанының рамасын оны кранмен тасымалдау кезінде тиімді ұстап тұратын  тез шешілетін механизм. 1,25 т дейінгі салмаққа арналған. 

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ   ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Суреті  Сипаттамасы
2016-11-08_115818.gif   

Жоғары сапалы қатты профиль тұйық қималы 3,5 мм болаттан жасалған, қолданудың ұзақ мерзіміне, дұрыс өлшемдері және қалып қалқанының барлық құрылымының максимальды қаттылығына кепілдік береді. 

2016-11-08_114225.gif    

«Гамма» құлыбы әмбебап «ушеуі бірде». Ол қалқандарды сенімді ұстап тұрады және ені 100 мм дейінгі қосымша кірістіргішті қолдануға мүмкіндік  береді. Сол сияқты сыртқы бұрыш пен тегістегіштерді қолданбауға мүмкіндік береді. 

2016-11-08_114739.gif 

Қалыптардың құрылымы   қажет болған жағдайда тартуға арналған саңылауды тез және тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Құрылым 90кН/м-ге дейінгі қысымға төтеп бере алады. Бетондау жылдамдығы кез келген болуы мүмкін.

14_gamma_peri.jpg  

«Гамма» қалыбы PERI қалыбымен бірге пайдаланылуы мүмкін. Қалыптардың қалқандары жағымды сыртқы түрі және  жүз пайызды фосфотация мен ұнтақтық бояудың арқасында коррозияға төзімді болып келеді. 

гамма.png

Сипаттамасы Мағынасы
Рұқсат етілген жүктеме 90кН/м
Қалқандардың айналымы 400 реттен артық
Рұқсат етілген жүктеменің кезінде майысуы L/400 артық емес
Қалқандардың биіктігі 3,3 м; 3 м; 1,5 м
Қалқандардың ені 0,3 м-ден 1,2 м-ге дейін
1 м2 салмағы 50 кг
Бетондау жылдамдығы  шектелмеген

Біздің артықшылықтар

111.png
САПА КЕПІЛДІГІ 1 ЖЫЛ
333.png
БАРЛЫҚ БІРІКТІРУЛЕРГЕ БІР ҚҰЛЫП
222.png
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ҚЫСЫМ 90 КН/М2 ДЕЙІН
101010.png
350 АЙНАЛЫМНАН АРТЫҚ АЙНАЛЫМ