Краннан тәуелсіз өзі көтерілетін рельстік жүйе биік қабатты ғимарат құрылысындағы тиімді шешім болып табылады.
Ол жоспарлы құрылысты ауа-райы жағдайларына тәуелсіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және барлық құрылысшылардың толық қауіпсіздігіне кепіл болады.
Жұмыс платформалары бірнеше деңгейлерде бір уақытта жұмыс істеуге мүмкін болатындай жобаланған.
Монолиттік жұмыстар жүргізудің ұсынылатын сызбасы:
Аспалы табандарды бекіту үшін енгізбе бөлшектер – керуші анкерлер қолданылады. Олар шығындық бөлшек болып табылады және қалыптың қалқандарына бетондау басталмай тұрып орнатылады.
Әдетте, платформаларды көтеру кезекпен, жеткізу қиынтығына кіретін гидростанция мен төрт гидроцилиндрдің көмегімен жүргізіледі.
Техникалық сипаттамалары:
Жүк көтеру қабілеті бір көтеру-жылжыту автоматына 5т немесе бір платформаға 10т;
Көтеру жеткізу жиынтығына кіретін гидравликалық жүйенің көмегімен кранды қолданбай жүргізіледі;
Көтеру жылдамдығы – 0,2м/мин;
Жұмыс платформаларын бетонға үнемі анкермен бекіту. Ғимараттың қабырғасына қабырға табандарының көмегімен бекітуге де, төбелерге төбе табандарымен бекітуге де болады.
Жалпақ жұмыс платформалары.