Позициялық механикалық қосылыстар арматура өзектерін айналдыру мүмкін болмаған жағдайда, RECO CP муфтасының көмегімен диаметрі бірдей арматура өзектерін түйістіруге арналған. Мұндай қосылыстар жекелеген иілген өзектерді немесе алдын ала қаңқа түрінде құрастырылған өзектерді біріктіру қажет болған кезде қолданылады.
Арматураны механикалық қосу технологиясы екі кезеңнен тұрады: арматураны дайындау және қосылысты монтаждау. Дайындаудың бірінші кезеңінде арматура өзектерінің ұштарына RECO бұранда илемдеу станогының көмегімен цилиндрлік бұранда илемделеді. Қажет болған жағдайда жекелеген өзектер кеңістіктік қаңқаларға құрастырылады.
Екінші кезеңде қосылыс арматура қаңқасының ішінде немесе екі кеңістіктік қаңқаның арасында монтаждалады. Бұл ретте дайындалған өзектер оларға сәйкес келетін бұрандасы бар RECO CP позициялық муфтасын айналдыру арқылы «гайка-болт» қағидаты бойынша бұралып қосылады.
| Өзек диаметрі (ММ) | Муфтаның сыртқы диаметрі D1 (ММ) | Муфтаның сыртқы диаметрі D2 (ММ) | Муфтаның ұзындығы L (ММ) | P≥ (ММ) | Керу күші* ≥ (Hm) | Муфтаның таңбалануы |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 16 | 27±1 | 37±1 | 97±1 | 22 | 140 | RECO СP 16 |
| 18 | 30±1 | 41±1 | 105±1 | 24 | 150 | RECO СP 18 |
| 20 | 34±1 | 44±1 | 117±1 | 26 | 160 | RECO СP 20 |
| 22 | 36±1 | 48±1 | 129±1 | 29 | 220 | RECO СP 22 |
| 25 | 40±1 | 51±1 | 143±1 | 32 | 260 | RECO СP 25 |
| 28 | 44±1 | 56±1 | 160±1 | 35 | 270 | RECO СP 28 |
| 32 | 50±1 | 63±1 | 183±1 | 40 | 340 | RECO СP 32 |
| 36 | 57±1 | 73±1 | 203±1 | 45 | 350 | RECO СP 36 |
| 40 | 62±1 | 79±1 | 224±1 | 50 | 360 | RECO СP 40 |