Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

«Table form» рамалы еден қалыптары

«Table form» рамалы еден қалыптары

Толық сипаттамасы

Рамалы еден қалыптарының тіреулері (осыдан әрі рамалы тіреулер) едендерді бетондау кезінде қалыптың горизонтальды қалқандарын тіреп тұруға арналған. 

ҚҰРАСТЫРУ  ЖӘНЕ БҰЗУ

Рамалы тіреулерді құрастыру және бұзу жұмыстарды жауапты жүргізушінің басқаруымен жүргізілуі керек, ол:
  • рамалы тіреулердің құрылымын зерттеу;
  • нақты объекттің рамалы тіреулерін қою сызбасын құрастыру;
  • қажетті бөлшектердің тізімін жасау керек.

Рамалы тіреулерді құрастыратын жұмысшылар құрылыммен алдын-ала таныстырылып, құрастыру тәртібі туралы  инструктаж жасалу керек. Рамалы тіреулер қатты тегіс беттерде жинастырылуы қажет.
Дайындалған алаңшада рамаларды орнату керек 1, оларды тіктеуішпен түзетіп отырып реттелетін винт тіреулерін қолдана отырып 6. Рамаларды өзара диагональды байланыстармен біріктіру 2, оларды жалаушалы құлыптардың көмегімен біріктіру (1 сурет). Біліктіретін енгізбелер арқылы 5 рамалардың екінші қатары орнатылады. Биіктікті нақты реттеу үшін  реттелетін винт тіреулері 6 және унивилкалар 3 қолданылады. Осы операцияларды тіреулер қажет биіктікке көтерілгенге дейін қайталау қажет.
Бұзуды құрастыруға кері тәртіппен жүргізеді. 


ПАЙДАЛАНУ  ЖӘНЕ  ҚАУІПСІЗДІК  ШАРАЛАРЫ

Рамалы тіреулердің саны мен орнату тәртібі нақты объект үшін мамандандырылған ұйым құрастырған жұмыс жүргізу жобасымен анықталады. Рамалы тіреулерді орнатпас бұрын олардың  жарамдылығына, деформациялар мен механикалық зақымдардың жоқ екеніне көз жеткізу қажет. Едендердің қалыптары үшін металл рамалы тіреулер оларды құрастыған соң ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Оларды акт бойынша қауіпсіздік техникасы бойынша маманның қатысуымен құрылыстың бас инженері тағайындаған тұлғаға тапсырады.
Орнатылған тіреулерді пайдалануға қабылдау кезінде  тексеріледі:
·         тіреулердің деңгейін қатты негізге орнату;
·         тораптарын құрастыру (вертикальды және горизонтальды бөлшектерді  толық көлемінде дұрыс орнату);
·         деформациялар мен механикалық зақымдардың болмауы.
  Аспа жолдарды биіктікте құрастыратын және бұзатын жұмысшылар осы жұмыстарға арналған қауіпсіздік белдіктерін қолдануы қажет.  Аспа жолдарын құрастыру және бұзу кезінде жұмыстар жүргізіліп жатқан аймаққа осы жұмыстарға қатысы жоқ адамдарды жіберуге тыйым салынады. Осы төлқұжаттың талаптары мен қауіпсіздік шараларынан басқа ҚНжЕ III-4-80 «Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы» талаптарын орындау қажет.  Дұрыс пайдалану мен қауіпсіздік шараларын сақтау үшін жауапкершілік тұтынушыға жүктеледі. 

ТЕХНИКАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТ  КӨРСЕТУ

Техникалық қызмет көрсету әрбір бұзған сайын, мезгіл-мезгіл  бұрандалы біріктірулерді майлауға, затты кір мен бетон қалдықтарынан тазартуға, лак-бояу жабындысын қалпына келтіруге саяды. Механикалық зақымдар табылған жағдайда тіреулерді пайдалануға тыйым салынады. Тіреулерді пайдалану кезінде олардың алаңшаларына түсетін салмақ  төлқұжатта көрсетілген мөлшерлерден аспау қажет. Жоспарлы қарау айына бір реттен сирек емес жүргізілу қажет. 

ТАСЫМАЛДАУ  ЖӘНЕ  САҚТАУ    
Рамалық тіреулерді тасымалдау олардың сақталуын (механикалық зақымдардан, бояуының зақымдалуынан, кірленуден және т.б.) қамтамасыз ететін кез келген көлік түрімен жүргізіледі.
Тіреулерді сақтау ГОСТ 24258-88 бойынша.

Суреті 

Сипаттамасы

ram1234.png

Рама механизмсіз.

Қалыптың негізгі көтеруші бөлшегі болып табылады, онда горизонтальды және диагональды байланыстарын бекітетін құлыптар көзделген. 

    ram123.png

Механизмі бар рама.

Қалыптың негізгі көтеруші бөлшегі болып табылады, онда горизонтальды және диагональды байланыстарын бекітетін құлыптар көзделген. Онда штоктың жағдайын реттеуге арналған механизм көзделген. 

    images.png

Горизонтальды байланыс.

Вертикальды рамаларды байланыстыруға  және олардың арасындағы қажет қашықтықты қамтамасыз етуге арналған. Бастары жалпайтылған және бекітуге арналған саңылаулары бар құбыр болып табылады. 

ram10.png

Диагональды байланыс.

Аспа жолдардың құрамының орнықтылығын және жалпы құрылымның  қатаңдығын қамтамасыз етуге арналған.

Бастары жалпайтылған және бекітуге арналған саңылаулары бар құбыр болып табылады. 

ram1.png

Шток.

Шток еденнің қажетті биіктігін орнатуға арналған, көтеруші арқалықтардың тіреуші бөлшегі болып табылады.

ram12345678.png

Біріктіруші втулка.

Втулка рамаларды өзара біріктіруге арналған.

ram12.png

Реттелетін тіреу.

 Реттелетін тіреу – еден қалыптарының вертикальды бөлшектерін тегістеуге арналған винтті механизм, алаңшасының аздаған тегіс емес жерлері бар құрылымдарды құрастуда қажет. 

   ram123456789.png

Арқалық Н20.

Арқалық еден қалыбының көтеруші бөлшегі болып табылады.

Конструкциясы

Безымянный2.png

Рамалық тіреулер (1 сурет) рамалардан тұратын 1 құрылым, өзара байланыстармен біріктірілген 2, жалаушалы құлыптармен бекітілген 4. Біріктіретін енгізбелердің көмегімен 5 рамалардың екінші қатары орнатылады. Қалыптың ағаш арқалықтарын нақты орнату үшін реттелетін винт тіректер 6 және унивилкалар 3 қолданылады.


Тіреулердің максимальды биіктігі ………………......……18 м.
Секцияның биіктігі …………………………………..… 2,0м.
Секцияның ені….…………………….………..…..1,0 – 1,5 м.
Тіреулерді орнату қадамы, м……….………….….……........2,5/3,0 м.
Вертикальға рұқсат етілген салмақ,
қырлық бетін майырстырған жағдайда……….5000 кгс.
Климаттық орындалуы У ГОСТ 15150-69 бойынша температураның төменгі шегі -40°С болғанда.

Біздің артықшылықтар

1.png
ТӨЛЕМДЕРДІҢ ИКЕМДІ ШАРТТАРЫ
2.png
ЖАСАУШЫ-ЗАУЫТТЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
3.png
БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖЕТКІЗУ
6.png
КӘСІБИ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БОЛУЫ