Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

«Грип» әмбебап колонналар қалыптары

«Грип» әмбебап колонналар қалыптары

Толық сипаттамасы

Реттелетін колонна жел диірменнің қанаттары түрінде жасалған. Оның негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтары болып табылады:

·         Реттеу диапазоны 20-60 см, қадамы 5 см, бетінің жабындысын ауыстырмай-ақ.

·         Квадрат және тік бұрыш қималарына жарамды.

·         Бетонның бетінің тамаша сапасы, рамалар мен тығындардың іздерінсіз.

·         Кранның бар болғаны 1 циклында толық жылжытылады. Тек қана қысу құрылғыларын ашып, жылжыған соң қайта жабу қажет.

·         Колоннаның стандарт биіктігі 3,0 м, 0,9м, 1,5м, 3,4м биктігінде жасау мүмкіндіктері бар.

Колонналық әмбебап қалыбы квадрат және тік бұрыш бетон және темірбетон колонналарын салуға арналған. Құйылатын колонналардың максимальды биіктігі – 3,0 м, жақтарының өлшемдері – 30, 35, 40, 45, 50, 55,0 60 см.

Қалып өзара шарнирлі біріктірілген 4 жақтан тұрады. Қалыптың әрбір бұрышы жоғары сапалы болат штифттермен бекітілген. Қалыпты толық ашу үшін 6 штифтті шешу қажет. Жақтарының каркасы квадратты болат құбырландан жасалған және көп қабатты суға төзімді фенол пленкамен көмкерілген фанерамен қапталған. Түйісетін жерлерінде фанерада қосымша резина тығыздағыштары бар. Қалыптың жүк ілмектері мен тіреулерді бекітетін жерлері бар.

«ГРИП» техникалық сипаттамасы

Колонналық әмбебап қалыбы жаңа жасалған бетон қоспасының 80кН/м2 қысымына төтеп береді.

Орамалау, тасымалдау және сақтау

Тасымладауға жататын қалып жиналып, штифттермен бекітілуі қажет. Қалыпты тасымалдау көліктің кез-келген түрімен, осы көлік түрі үшін бекітілген жүк тасымалдау ережелерін сақтаумен жасалуы қажет. Түсірген кезде бұйымды көлік құралдарынан лақтыруға болмайды. Колонналық қалыптарды бұйымдарды атмосфералық жауын-шашыннан, коррозиядан және механикалық зақым келуден сақтайтын жағдайларда сақтау қажет.

Техникалық қызмет

Колонналық қалыпты әрбір бұзған сайын барлық бөлшектерін кір мен бетон қалдықтарынан тазартып, лак-бояу жабындысын қалпына келтіріп, бұрандалы және шарнирлі біріктірулерін майлу қажет. Қалыпты қояр алдында оның жарамдылығына көз жеткізу қажет. Жарамсыз қалыпты орнатуға жол берілмейді.



Біздің артықшылықтар

1.png
ТӨЛЕМДЕРДІҢ ИКЕМДІ ШАРТТАРЫ
2.png
ЖАСАУШЫ-ЗАУЫТТЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
3.png
БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖЕТКІЗУ
6.png
КӘСІБИ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БОЛУЫ