«ГАММА-РАДИУС» қалыптары радиусты қабырғаларды, резервуарларды, бассейндерді және т.б. бетондауға арналған. «ГАММА-РАДИУС» қалыптары қалыптардың жұмыс бетінің қисықтығын өзгертетін металл белдемелері бар қоставрлы ағаш арқалықтардың негізінде жасалған. «ГАММА-РАДИУС» қалыптары минимальды радиусы 3 м қабырғаларды бетондауға мүмкіндік береді. Радиусты қалып «ГАММА-300» және ГАММА-330» қалқанды қалыптарымен толық үйлеседі және қолданыла алады.
Негізгі техникалық мәліметтері
Қалыптар бетондау кезінде барлық салмақтарды көтеретін қалқандар жинағынан және оны жобадағы жағдайға келтіруді, дәлдеуді және жұмыс істеу кезінде қалыптарға қызмет етуді қамтамасыз ететін қосымша жабдықтардан тұрады.
Қалқандар «ГАММА» әмбебап құлыптарының көмегімен монтажды панельдерге біріктіріледі.
Қалқандардың биіктігі 3м және 3,3м. Қажет болған жағдайда 6м дейінгі биктіктегі қалқандарды жасау мүмкін.
Қалқандарға есепті салмақ 8т/м2.
|
Ауыспалы қисықтық бөлшегі. «Гамма-радиус» қалыбының пішін құрастыратын бөлшегі. |
|
Әмбебап құлып. «ГАММА» әмбебап мырышталған құлыпы қалыптардың қалқандарын біріктіреді және қалқандардың арасына қалыңдығы 100 мм дейінгі ендірмені орнатуға мүмкіндік береді. |
|
Тартулар. Тартулар қалқандарды жобалы жағдайда өзара біріктіреді. Олар d=17мм винт пен шарнирлі плитасы бар екі гайкалардан тұрады. Қалыптарды бұзу кезінде тартулар алынады. |
|
Екі деңгейлі тірек. Қалқандарды вертикальды жазықтықта тегістеу үшін екі деңгейлі тірек арналған. |