Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

«ГАММА-ST» едендердің рамалы қалыптары

«ГАММА-ST» едендердің рамалы қалыптары

Толық сипаттамасы

Рамалы тіректер жүйесі  әмбебап, мықты, тез жиналатын енгізілген қауіпсіздік жүйесі бар жиналмалы жүйе болып табылады. Бейімделу мүмкіндігі мен жоғары көтергіштік қабілеті рамалардың құрылымына енгізілген және жүйені биік, жер асты және арнайы құрылыстарда кең спектрде пайдалануға мүмкіндік береді.

Рамалы тіректер жүйесі едендер мен аралықты құрылымдар, қосымша тіреулер, монтажды  тіреуіштер, аралық құрылымдарды жылжытуға арналған тіректерді, кран асты эстакадаларын, жұмыс көпіршелерін және басқа құрылымдарды жасауда қолданылады.

Рамалық тіректер жүйесін қолдану II климаттық ауданда есептік температура минус 40°С кезінде (ГОСТ 16350-80 сәйкес) көзделеді. 

РАМАЛЫҚ ТІРЕКТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ АРНАЛУЫ

Жүйенің рамалары жүйенің негізгі бөлшектері болып табылады және вертикальды салмақты қабылдайды. Рамаларға енгізілген сатылар бойынша монтажшыларды көтеру және түсіру жүргізіледі. Сатылардың жоғары жағының жанында қауіпсіздік белбеулерін бекітетін орын бар; 

Безымянный.pngБезымянный2.png3.png



Тіректік шпиндель рамадан салмақты негізіне беруге, сол сияқты құрылымның мұнараларын биіктігі және вертикалі бойынша алдын-ала дәлдеуге арналған;

4.png

Төрт қадамдық басы бар шпиндель оның үстіне екі таврлы арқалықтарды қоюға, еден қалыбынан салмақты рамаға беруге және еден қалыбын биіктігі бойынша ақтық рет  дәлдеуге арналған;

5.png

Басты шпиндель оның үстіне еден қалыбының болат ригельдерін орнатуға, еден қалыбынан салмақты рамаға беруге және еден қалыбын биіктігі бойынша ақтық рет  дәлдеуге арналған;

6.png

Қарама-қарсы қиғаш рамаларды бір қатты құрылым – мұнараға біріктіреді;

7.png

Жеке тіреулер вертикальды салмақты қабылдайды және жеке жерлерде немесе толыққанды   мұнараны орнатуға мүмкіндік жоқ жерлерде орнатылады.

ЖИНАУ ЖӘНЕ МОНТАЖ

Рамалық тіректер жүйесін жинау горизонтальды жағдайда, кейін оны жобалық жағдайға  көтеру машиналары мен механизмдердің көмегімен келтіру арқылы, немесе бірден вертикальды (жобалы) жағдайда  орындалады.
1. Тіректік шпиндельдерді мұнараларды қою сызбасына сәйкес қою (1 сурет). 
2. Тіректік мұнараларға бірінші деңгейдің рамаларын орнату (2 сурет).
3. Рамаларды вертикальды қарама-қарсы қиғаштармен біріктіріп, оларды  тежегіш ысырмалармен бекіту (3 сурет).
4. Рамаларға монтажды еденді немесе горизонтальды қарама-қарсы қиғашты орнатып, тежегіш ысырмалармен бекіту (4 сурет).
5. Екінші деңгейдің рамаларын  бекітілген біріктіргіш бөлшекпен бірге бірінші деңгей рамаларына орнатып, төменгі рамалардың серіппелі бекіткішін бекіту.

9.png

6. Рамаларды вертикальды қарама-қарсы қиғаштармен біріктіріп, тежегіш ысырмалармен бекіту.
7. Рамаларға монтажды еденді немесе горизонтальды қарама-қарсы қиғашты орнатып, тежегіш ысырмалармен бекіту.
8. Үшінші деңгейдің рамаларын  бекітілген біріктіргіш бөлшекпен бірге бірінші деңгей рамаларына орнатып, төменгі рамалардың серіппелі бекіткішін бекіту.
5.9 Рамаларды вертикальды қарама-қарсы қиғаштармен біріктіріп, тежегіш ысырмалармен бекіту.
5.10 Рамаларға монтажды еденді немесе горизонтальды қарама-қарсы қиғашты орнатып, тежегіш ысырмалармен бекіту, басты шпиндельді немесе төр қадамды басы бар шпиндельді орнату, мұнараның екінші деңгейіндегі горизонтальды қарама-қарсы қиғашты бұзу.
Маңызды! Горизонтальды қарама-қарсы қиғаш біріншіден бастап 1 деңгей қалдырып орнатылады.


10.png


ТАСЫМАЛДАУ  ЖӘНЕ  САҚТАУ

Раманың бөлшектері 20 данадан аспайтын  бумаларға буылуы керк. 
Бумаларды 3-тен аспайтын
бірінің үстіне бірін қоюға болмайды. Рамалар тіреудің жартысынан сәл асырып қойылу керек немесе арнайы контейнерде ұяларға қойылу керек.
Сары және көк түсті жоғалмайтын енгізілген серіппелі бекіткіш  «ашық» деген жағдайда (ішке ашылған) бекітілуі керк. Немесе арнайы контейнерде ұяларға қойылу керек.
Қарама-қарсы қиғаштар бумаларға түйілуі керек немесе тіреулерге арналған контейнерге салынуы керек;
Тіректік, басты және төрт қадамды басы бар шпиндельдер  табақшаларға немесе ұсақ бөлшектерге арналған контейнерлерге салынуы керек;
Өнімдерді кез келген көлік түрімен шектелмейтін қашықтыққа ГОС 15150-69  сәйкес 8 санат бойынша тасымалдауға жол беріледі.
Өнімдерді ГОСТ 15150-69 сәйкес 7 санаттан жоғары емес сақтауға жол беріледі. Сақтау мерзімі 5 жылдан артық емес.


ҚҰРЫЛЫМНЫҢ  ҚҰРАМЫ

Рамалық тіректер жүйесінің негізгі жиынтығы мырышталған немесе боялған болат рамалардың енгізілген біріктіргіш бөлшектерімен, қарама-қарсы қиғаштар және жоғарғы және төменгі шпиндельмен  бірге үш түрлы  типтік өлшемдерден тұрады.
Рамалық тііректер жүйесінің қосымша бөлшектері құрылымды  биіктігі, сұлбасы және пішіні бойынша әртүрлі едендер мен әртүрлі салмақтарға бейімдеуге мүмкіндік береді. Рамалық тіректер жүйесінің бөлшектерінің аз саны жинау мен монтаж процессін едәуір жылдамдатуға мүмкіндік береді. 


13.png

Көтеру қабілеті, кН 97
Минимальды биіктік, м. 1,38
Максимальды биіктік шектелмеген**
Рамалар қадамы 0,9 - 1,2 - 1,8
Мұнараның ені,  м. 1, 0 - 1,5 - 2,0 - 2,5
*Құрылымнің биіктігі 8м жоғары болған жағдайда қосымша бекіту немесе байлау қажет


Біздің артықшылықтар

1.png
ТӨЛЕМДЕРДІҢ ИКЕМДІ ШАРТТАРЫ
2.png
ЖАСАУШЫ-ЗАУЫТТЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
3.png
БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖЕТКІЗУ
6.png
КӘСІБИ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БОЛУЫ