Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

Аспалы бетондау

Толық сипаттамасы

Аспалы бетондау әдісі жұмысты судың, т/ж жолдың үстінде және т.б. жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қалыптау жұмыстары көпірдің тіреуінің биіктігіне байланысту емес, себебі тіреуіштер қолданылмайды.

Аспалы бетондау технологиясын қолдану кезіндегі жүргізілетін жұмыстардың төмендегі негізгі кезеңдері бөлінеді:

1 – негізгі тіреу үсті учаскесін салу.

2 – агрегатты жерде іріленген модульдермен жинау, содан соң жиналған бірліктерді кранмен көтеру, бұл модульдерді бекіту, қалыптарды жобалы жағдайға қозғалмалы күштік бөлшектердің көмегімен орналастыру

3 – жиналған агрегаттардың көмегімен тіреудің екі жағындағы консольдер өсіріледі. Екі агрегат аралық құрылымның бетондалған учаскесінде анкерлердің немесе қарсы салмақтың көмегімен бекітіледі.

4 – консольдердің оларды салған соң біріктіру құрылғысы.

5 – агрегаттарды бұзу және демонтаж. 

Секциялардың ұзындығы 3...5 м-ге тең деп алынады, одан азырақ ұзындықта секциялардың саны ұлғаяды және бетондаудың ұзақтығы артады. Ұзындығы 5 м артық секциялар жылжымалы бөлшектердің ауырлауына байланысты тиімді емес.

Аспалы бетондауға арналған агрегаттардың құрылымы әртүрлі болуы мүмкін (консольді, рамалы, жалпы қабырғалы, өтпелі) және аралық құрылымның бетондалған бөлігімен әртүрлі әдіспен жылжиды (гидравликаның немесе механиканың көмегімен).

Агрегаттардың қазіргі заманғы құрылымдарында күштік бөлшектерге салмақ салу аспалы ауырлықтар жүйесінің көмегімен жасалады. Агрегаттың консольді бөлігіне көлденең арқалықтар орнатылады, олардың үстіне еден төселеді, жеткізу аспа жолдары орнатылады.


naves_1.jpg

Біздің артықшылықтар

1.png
ТӨЛЕМДЕРДІҢ ИКЕМДІ ШАРТТАРЫ
2.png
ЖАСАУШЫ-ЗАУЫТТЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
3.png
БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖЕТКІЗУ
6.png
КӘСІБИ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БОЛУЫ