Толық сипаттамасы
Рамалы тіректер жүйесі әмбебап, мықты, тез жиналатын енгізілген қауіпсіздік жүйесі бар жиналмалы жүйе болып табылады. Бейімделу мүмкіндігі мен жоғары көтергіштік қабілеті рамалардың құрылымына енгізілген және жүйені биік, жер асты және арнайы құрылыстарда кең спектрде пайдалануға мүмкіндік береді.
Рамалы тіректер жүйесі едендер мен аралықты құрылымдар, қосымша тіреулер, монтажды тіреуіштер, аралық құрылымдарды жылжытуға арналған тіректерді, кран асты эстакадаларын, жұмыс көпіршелерін және басқа құрылымдарды жасауда қолданылады.
Рамалық тіректер жүйесін қолдану II климаттық ауданда есептік температура минус 40°С кезінде (ГОСТ 16350-80 сәйкес) көзделеді.
РАМАЛЫҚ ТІРЕКТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ АРНАЛУЫ
Жүйенің рамалары жүйенің негізгі бөлшектері болып табылады және вертикальды салмақты қабылдайды. Рамаларға енгізілген сатылар бойынша монтажшыларды көтеру және түсіру жүргізіледі. Сатылардың жоғары жағының жанында қауіпсіздік белбеулерін бекітетін орын бар;
Тіректік шпиндель рамадан салмақты негізіне беруге, сол сияқты құрылымның мұнараларын биіктігі және вертикалі бойынша алдын-ала дәлдеуге арналған;
Төрт қадамдық басы бар шпиндель оның үстіне екі таврлы арқалықтарды қоюға, еден қалыбынан салмақты рамаға беруге және еден қалыбын биіктігі бойынша ақтық рет дәлдеуге арналған;
Басты шпиндель оның үстіне еден қалыбының болат ригельдерін орнатуға, еден қалыбынан салмақты рамаға беруге және еден қалыбын биіктігі бойынша ақтық рет дәлдеуге арналған;
Қарама-қарсы қиғаш рамаларды бір қатты құрылым – мұнараға біріктіреді;
Жеке тіреулер вертикальды салмақты қабылдайды және жеке жерлерде немесе толыққанды мұнараны орнатуға мүмкіндік жоқ жерлерде орнатылады.
ЖИНАУ ЖӘНЕ МОНТАЖ
Рамалық тіректер жүйесін жинау горизонтальды жағдайда, кейін оны жобалық жағдайға көтеру машиналары мен механизмдердің көмегімен келтіру арқылы, немесе бірден вертикальды (жобалы) жағдайда орындалады.
1. Тіректік шпиндельдерді мұнараларды қою сызбасына сәйкес қою (1 сурет).
2. Тіректік мұнараларға бірінші деңгейдің рамаларын орнату (2 сурет).
3. Рамаларды вертикальды қарама-қарсы қиғаштармен біріктіріп, оларды тежегіш ысырмалармен бекіту (3 сурет).
4. Рамаларға монтажды еденді немесе горизонтальды қарама-қарсы қиғашты орнатып, тежегіш ысырмалармен бекіту (4 сурет).
5. Екінші деңгейдің рамаларын бекітілген біріктіргіш бөлшекпен бірге бірінші деңгей рамаларына орнатып, төменгі рамалардың серіппелі бекіткішін бекіту.
6. Рамаларды вертикальды қарама-қарсы қиғаштармен біріктіріп, тежегіш ысырмалармен бекіту.
7. Рамаларға монтажды еденді немесе горизонтальды қарама-қарсы қиғашты орнатып, тежегіш ысырмалармен бекіту.
8. Үшінші деңгейдің рамаларын бекітілген біріктіргіш бөлшекпен бірге бірінші деңгей рамаларына орнатып, төменгі рамалардың серіппелі бекіткішін бекіту.
5.9 Рамаларды вертикальды қарама-қарсы қиғаштармен біріктіріп, тежегіш ысырмалармен бекіту.
5.10 Рамаларға монтажды еденді немесе горизонтальды қарама-қарсы қиғашты орнатып, тежегіш ысырмалармен бекіту, басты шпиндельді немесе төр қадамды басы бар шпиндельді орнату, мұнараның екінші деңгейіндегі горизонтальды қарама-қарсы қиғашты бұзу.
Маңызды! Горизонтальды қарама-қарсы қиғаш біріншіден бастап 1 деңгей қалдырып орнатылады.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Раманың бөлшектері 20 данадан аспайтын бумаларға буылуы керк.
Бумаларды 3-тен аспайтын
бірінің үстіне бірін қоюға болмайды. Рамалар тіреудің жартысынан сәл асырып қойылу керек немесе арнайы контейнерде ұяларға қойылу керек.
Сары және көк түсті жоғалмайтын енгізілген серіппелі бекіткіш «ашық» деген жағдайда (ішке ашылған) бекітілуі керк. Немесе арнайы контейнерде ұяларға қойылу керек.
Қарама-қарсы қиғаштар бумаларға түйілуі керек немесе тіреулерге арналған контейнерге салынуы керек;
Тіректік, басты және төрт қадамды басы бар шпиндельдер табақшаларға немесе ұсақ бөлшектерге арналған контейнерлерге салынуы керек;
Өнімдерді кез келген көлік түрімен шектелмейтін қашықтыққа ГОС 15150-69 сәйкес 8 санат бойынша тасымалдауға жол беріледі.
Өнімдерді ГОСТ 15150-69 сәйкес 7 санаттан жоғары емес сақтауға жол беріледі. Сақтау мерзімі 5 жылдан артық емес.