Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

ҚАЛЫПТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН АРНАЛУЫ

thumb_tunel_hrtf.jpg

Біздің жұмыстың арқасында біз көптеген инженерлермен, учаскелердің бастықтарымен, прорабтармен, шеберлермен танысу мәртебесіне ие болдық, және әрбір қызметкердің монолитті құрылысқа, қалыптарға деген өз көзқарасы бар, бұл әбден түсінікті. Ірі құрылыс компаниялары өз қызметкерлеріне өз кәсіптік деңгейін арттыру және жаңа білімдер алу, содан соң осы білімдерді өздерінің құрылыс объектілерінде қолдану үшін шетелге шығармашылық сапарлар ұйымдастырады. Алайда, осы білімдер әрқашада қолданыла ала ма? Сіздің көңіліңізді қалдырамыз... әрқашан емес! Мысал үшін, монолиттік жұмыстар мен қалыптарды жинастыруға жауапты жұмыскер  бізді объектіні столдардағы еден қалыптарымен (дайын, қалыптың жеке бөлшектерінен болктарға жиналған)  жабдықтауды сұраған жағдайлар болды. Сөзсіз, столдардағы еден плиталарының бірқатар артықшылықтары бар... Біріншіден, бұл уақытты үнемдейді. Екіншіден, қалыптың барлық бөлшектері блоктарға жиналғандықтан, олардың айналымдылығы едәуір арта түседі. Үшіншіден, столдарды құрастыру мен бұзу үшін бар болғаны 1-2 адам жеткілікті....

                                                bauma2010_variodeck_lg.jpg

Алайда, бұл объектте еден плиталары монолитті бағаналармен болатын, оның үстіне олардың биіктіктері қабаттарына байланысты өзгеріп отыратын, яғни бұл столдарды бағаналардың биіктігі өзгеруіне байланысты бұзып отыру керек деген сөз, бұл столдардың жай қалыптарға қарағандағы артықшылықтары жоққа шығады деген сөз, ал столдардың 1 ш.м. құны бөлшектермен жабдықтаудың жоғары болуына байланысты  арта түсті деген сөз. Иә, өкінішке орай, монолитті бағаналардың, капительдердің болуы столдардың ш.м. қымбаттауына, ал кейде оларды қолданудың мүмкін болмауы мен мағынасыздығына  әкеліп соқтырады.

     ST1.jpg

Басқа мысал. Біздің Компанияны санап, объектіні туннельді қалыптармен жабдықтауды сұрағанда... себебі, ол құрылыстағы ең маңызды артықшылыққа ие – құрылыстың жылдамдығы (қабырғалар мен едендерді бетондау бір мезгілде болады, осыған байланысты айына жеті қабатқа дейін салуға болады)! Алайда туннельды қалыппен жағдай қарапайым рамалық қалыпқа қарағанда мүлдем басқаша болып табылады... Егер қабырғаның рамалық қалыптарын дайын жобаланған объектіге санайтын болса, туннельды қалыпты қолданған кезде жобалау кезеңінен бастап туннельді қалыптың ерекшеліктерін есепке алу қажет. Туннельді қалыптың негізгі ерекшеліктері – периметр бойынша қабырғалардың болмауы, колонналардың болмауы... тек тікелей қабырғалар, еден плиталарындағы монолитті бағаналардың болмауы және т.б.Бұл ғимараттың жобасы бастапқыдан туннельді қалыптарды қолдануға арналмаған.

Қалыпты таңдаған кезде әрқашан Сіз салайын деп отырған ғимараттың жобасына қарау керек. Жобаның бар ерекшеліктерін есепке алу қажет, тіптен бұл жалғыз жоба болып, онда ешқандай қиындықтар боласа да, қалып бетонның қандай қысымын көтере алады деген сұрақ қою керек. Және бір қабатты неше ұстанымда (циклдар) бетондау қажет болады? Себебі, қазіргі заманғы инженер-құрылысшы тек қана техникалық дұрыс шешім қабылдап қоймай, бұл шешім орындауында қымбат болмауы керек, себебі үнемделген ақшалар әлі ешкімге кедергі болған емес :) Әрқашан бүкіл құрылыс процесін визуализациялау қажет, қалыптар объектіге келген мезеттен бастап ол объекттен кеткенге дейін. Егер сіз монолиттік жұмыстарды үнемі жасап отыратын құрылыс компаниясында жұмыс жасасаңыз, осыдан әрі қалыптарды қашан және қай объекттерде қолдануға болады деген сұрақ қою керек. Жобаны зерттеңіз, визуализациялаңыз, кеңесіңіз... Қалыптарға тапсырыс беріңіз!