Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

Еден қалыптары – түрлері және қандай жүйенің артық екенін қалай анықтауға болады?
    Қазіргі күні қалыптарды өндірушілер  еден плиталарын бетондауға арналған қалыптар жүйелерінің  көп таңдауын ұсынады, сонымен қатар, өндірушілердің жүйелері көбінесе бірдей, тек атаулары мен құрылымындағы аздаған өзгерістері ғана әртүрлі.

Осы мақалада бір қолданылатын жүйелердің тек біреуі туралы айтып береміз :)

Ең кең таралған жүйе «Гамма Flex» «Тіреу-Арқалық Жүйесі» болып табылады.

Бұл жүйе ламинатты  фанерадан, ағаш бағанадан, унивилкадан (бағананы тіреуге арналған), телескоптық тіреулерден (негізгі тіреуші бөлшектер болып табылады) және үшаяқтан тұрады. 

mailservice (2).jpg

      Бұл жүйенің басты артықшылығы – бұл оның әмбебаптығы, оны биіктігі 6,0 м жоғары емес, ал плитаның қалыңдығы 50 см көп емес кез-келген еден плиталарында қолдануға болады (оның ішінде монолитті ригельдер мен арқалықтармен үйлестірілгендермен де). Кемшіілігі – құрастыру және бұзу жылдамдығы. Тіреулер мен басқа да қосалқы бөлшектердің саны әрқашан жобаға байланысты анықталады, сол сияқты телескопты тіреулердің(жүйенің негізгі көтеруші бөлшегі) техникалық сипаттамаларына байланысты, себебі олардың да қазіргі мезетте көптеген түрлері ұсынылады.

Біздің компанияда «Гамма Flex» еден қалыптарының қосалқы бөлшектерінің спецификациясын есептегенде біз кқэффициенттерді қолданамыз. 

mailservice.png

      Екінші едендер жүйесі Ресейде де, Қазақстанда да  жеткіліксіз таралған, атап айтқанда бұл столдар, Еуропалық өндірушілердің көпшілігінде, Peri, Doka, Meva сияқты, олар ұсынылатын өнімдер қатарында бар, бұл жүйе біздің де "Гамма-Опалубочные Системы" компаниясында бар

   pl4907370-lifting_fork_used_for_lifting_1_1_5t_table_formwork_units (1).jpg     Krangabel.JPG

      Бұл жүйе сол баяғы «Тіреу-Арқалық Жүйесіне» ұқсас, алайда оның ерекшелігі құрылымның бүтіндігі, яғни бүкіл стол бүтіндей жылжытылады.

Әдетте, мұндай «столдардың» ауданы 8 ш.м. шамасында болады, артықшылығы қалыптың тезірк құрастырылып-бұзылуы, сол сияқты «столдың» бүкіл құрылымы әрбір ретте бұзылмайтындықтан жүйенің бүкіл қосалқы бөлшектерінің қызмет ету мерзімі едәуір ұзарады. Бұл жүйенің кемшілігі – оның соншалықты әмбебап еместігінде, оның артықшылықтарын тек қана тегіс (арқалықтары мен ригельдері жоқ) еден плиталарында, негізінде биіктігі 4,0 м артық емес қабаттарда ғана қолдануға болады.

«Столдардың» тағы да түрлері бар, ондай столдардың ауданы 80 ш.м. жетуі мүмкін, - бұл "Aluma-Systems" компаниясының столдары, олардың  даусыз артықшылығы құрастыруы мен бұзылуының жылдамдығы болып табылады. 

header_aluma_frame_table.jpg

       Мұндай столдар Қазақстандағы құрылыс объекттерінде де қолданылды, атап айтқанда «Көлік және Коммуникациялар Министрлігінде». Бұл столдардың кемшілігі, олар да сондай әмбебап емес, сол сияқты үлкен мәселе – барлық бөлшектер алюминийден жасалған және жоғалтып алған жағдайда ұқсас бөлшекті жасап алу немесе сатып алу өте қиын болады.

Сол сияқты қалыптар жүйелерінің әлемдік өндірушілерінің арсеналында едендер плиталарын жоғары биіктіктерде және  ауыр плиталармен бетондауға арналған рамалық типтес жүйелер  бар. Рамалардың конфигурациялары және оларды орнатудың тәсілдері көптеген, кейбір рамалармен жұмыс істеу ыңғайлырақ, кебіреулерімен ыңғайсыз, алайда құрастыру мағынасы бірдей. «Гамма-ST» жүйесінің мысалында рамалы тіреулік жүйесін қарастырайық. 

 

13.png-LXYuRisRAk.jpg

 Артықшылықтары: Еден плиталарын 80м биіктікке дейін бетондау мүмкіндігі, жоғары көтеру қабылеттілігі, бүтін құрылым ретінде (столдар) қолдану мүмкіндігі – бұзбай мұнаралы кранның немесе арбашалардың көмегімен жылжыту мүмкіндігі.

Кемшілігі: ригельдер мен монолитті арқалықтар болған жағдайда жүйенің бөлшектер саны  едәуір ұлғаяды, сол сияқты арқалық-тіреулер жүйесімен салыстырғандағы жоғары бағасы.

Тағы бір едендер қалыптарының түрі – бұл Cup-Lock аспа жолдары  немесе «Көлемді едендер» жүйесі. 

 bouygues-16032006(32).jpgcup5.jpg

Жүйелердің айырмашылығы тек құлыптарында (вертикальды және горизонтальды бөлшектерінің біріктіру тәсілдерінде).

Артықшылығы: Жүйенің әмбебаптығы, көтеру қабілеттілігінің салыстырмалы жақсы көрсеткіштері, ыңғайлылығы

Кемшіліктері: Арқалық-тіреу жүйесімен салыстырғандағы  жоғары құны