Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

«Қалыптардың классификациясы»

ОҚалыптарды бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады. Қолдану тәсілі бойынша (бұзылуы) қалыптар екі үлкен топқа бөлінеді: алынбалы, құрылыс қоспасы берілген пішіні мен кеңістіктегі жағдайын сақтауға жеткілікті беріктік алған соң шешілетін, және алынбайтын, ол бұзылыа алынбайды және құрылыс конструкциясының бөлігі болып қалады. Осы екі жүйе де монолитті құрылыста кеңінен қолданылады.

Алынбалы қалыптар функционалдық мақсаты, құрылымы және жасалған материалдары бойынша жіктеледі.

mailservice (1).jpg

Құүрылымы бойынша. Қабырғалар салудың үш негізгі жүйелері бар:

·                   

  • Рамалы жүйе, оның құрамына каркасты қалқандар, тіреу бөлшектері, болтты біріктірулер және бекіткіштер детальдары кіреді. Каркасты қалқандар көтеретін металл рамасынан, қатайтқыштардан және қалып плиталарынан тұрады. Жабық іші бос профильден жасалған фасонды гофры рама плиталардың қырларын зақымдардан сақтайды және бөлшектерді кез келген жерде біріктіруге мүмкіндік береді. Металл каркас құрылымға қажет қаттылық беріп қана қоймай, модульды бөлшектерді жинастыруды едәуір жеңілдетеді және жылдамдатады.

  • Бағаналар жүйесінің құрамына тиісті бағаналар, қалыптық плиталар, бекіту бөлшектері, тіреуіш бөлшектер, ригель, бетондауға арналған  бағаналар және аспа жолдары кіреді. Қимасы екі таврлы ағаштан жасалған бағаналар жүйенің негізі болып табылады, бағаналардың ұзындығы шектелген. Беріктігін арттыру үшін оларға болат немесе пластмасса ұштар тағылады, олар бағананың белдемінің жарылып сынуына жол бермейді. Бағаналар белгілі бір қадаммен орнатылады және қалып плиталарына  және өзара болат бөлшектердің көмегімен бекітіледі.

  • Туннельді қалып  типті секциялардың қабырғалары мен едендерін бір мезгілде қалыптауға арналған. Туннельді қалыпта негізгі бөлшек жарты секция болып табылады. Бұл - бір горизонтальды және бір вертикальды панельден тұратын құрылым.