Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

Қалыптың шаршы метрінің құны неден құралады?
mailservice.jpg

Біздің болашақ клиенттерімізден біздің ең жиі еститін алғашқы сұрақтарымыздың бірі: Қалыптың  бір шаршы метрінің құны қанша?
Шынын айтсақ, бұл сұраққа жауап беру өте қиын және кез келген  байсалды және жауапты жеткізушінің бұл сұраққа бірінші кездесуде  жауап беруі екіталай, ал егер жауап берсе бұндай жеткізушілерден аулақ жүрген жөн. Неліктен екенін түсіндіруге тырысайық:
Ешкім де қалыптарды шаршы метрлеп сатпайды! Коммерциялық ұсыныс құрастыру үшін қалыптарды қою қажет, соның негізінде спецификация жасалады және сол бойынша ғана 1 ш.м. құнын шығаруға болады.
Шаршы метрдің құны аң бастысы жобаға байланысты! Жобаны негізге ала отырып жобаның талаптарына сай келетін қалыпты таңдау қажет (бетонның максимальды рұқсат етілген қысымы, биіктігі және т.б.) осы кезеңнен кейін болашақ жеткізушілердің саны азаяды, бұл да соңы емес.
Бір брендтің 1 ш.м. қалыбының құны (қалыптың бөлшектерінің  бағасы бірдей болса да) әртүрлі монолитті құрылымдарға әрқашан әртүрлі болады, себебі  1 ш.т.  құнына әсер ететін, бірақ қалыптың ауданына әсер етпейтін қосалқы бөлшектер әрқашан өзгеріп отырады. Олардың құнының айырмашылығы 70% дейін жетуі мүмкін. 


Монолитті құрылымдардың 3 нұсқасының және олардың қалыптарының 1 ш.м. құнын қарастырайық: Untitled-2.jpg

Орташа құны:

"Гамма"               1ш.м. = 66 100 тг.
"Гамма-Каскад"   1ш.м. = 61 400 тг.
"Экоформ"           1ш.м. = 33 800 тг.

Қалыптардың құны мақаланың шығу кезінде нақты емес.

Жоғарыда көрсетілген мысалдан стандартты биіктіктегі тік монолитті құрылымдардың қалыптарының 1 ш.т. құны енгізбе бөлшектерді пайдаланатын лифттік шахталарға қарағанда анағұрлым төмен деген тұжырым жасауға болады, себебі тік қабырғаны жинастырған кезде максимальды енді қалқандар қолданылады, сондықтан қосалқы бөлшектер де анағұрлым аз болады, ал лифттік шахталарды жинастырған кезде максимальды енді қалқандарды қолдану құрылымдардың шектеулі болуына байланысты мүмкін болмайды, сондықтан қосалқы бөлшектердің саны едәуір көбейеді, оның үстіне лифттік шахталарда ондағы қалыпты бұзуды едәуір жеңілдететін «Гамма» қалыпты бұзу бұрыштары қолданылатынын ескерген жөн.

 

Бүгінгі мақаланы қорытындылаймыз:

1.  Қалыптардың құны туралы сөздерге алдын-ала қалыпты қойып алмай ешқашан сенуге болмайды (оның үстіне бұл бағаларды объекттің сметасына енгізуге болмайды), себебі ол есептеулер жүргізген соң көбірек жағына да, азырақ жағына да қарай өзгеруі мүмкін.

2.  1 ш.м. құны:

а) Жобаға

б) Қалыптың бренды мен қалыптың типіне

в) қалыпты қалай кәсіби қойғанына байланысты.