Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

Қалыптардың тарихы

     Қалыптар құрылыс алаңдарында салынып жатқан бетон немесе темірбетон құрылымдарға  кез-келген қажет пішін беруге мүмкіндік беретін құрылыстың маңызды бөлшегі болып табылады.  Егер оның пайда болу тарихына қарайтын болсақ, қалыптар Рим империясының заманында белгілі болған. Бетон салмақтарға өте тұрақты материал болғандықтан, сонымен қатар созылуға беріктігі және майысуға қарсылығы төмен бөлгандықтан, ежелгі Римде оны күмбездер мен аркаларды салу кезінде қолданған. Осындай ғимараттың жарқын мысалы ретінде  сол заманда салынған Пантеонды айтуға болады.

Қазіргі заманғы қалыптарды құлдану технологиялары ол замандардан көп алға кеткен. Алайда, қалыптарды қолданатын монолитті-бетонды құрылыстың технологиялық операцияларына қарайтын болсақ, сезілетіндей өзгерістер байқалмайды. Алайда қалыптардың көмегімен алынатын пішіндердің сапасына қойылатын талаптар едәуір өзгерген. 

                                              mailservice.png

      Елуінші жылдардың басына дейін қалыптар жүйелері құрылыс алаңшаларында кеңінен қолданылған жоқ. Оның орнына бетон бөренелер мен тақтайлардан әрбір объект үшін жеке дайындалған  қалыптарға құйылатын. Қалыптық бөлшектер көбінесе бір рет қана қолданылатын болғандықтан, бетондау процесі өте еңбек сыйымды және қымбат болатын. Осыған байланысты Georg Meyer-Keller модульды әмбебап металл қалыбын жасап шығарды, ол көп рет қолданылатын болды, сондықтан құрылыс процесін жеңілдетті. 1952 жылы бұл қалып патенттелді. 

                                                                       mailservice (2).png

Сөйтіп Georg Meyer-Keller қалыптар техникасының ізашары болды. Басында әмбебап қалыптарды сату құрылыс жабдықтарын сатумен айналысатын Jakob Noe фирмасы арқылы жүргізілді. Бұл қалып «NOE қалыбы» деген атпен тез арада танымал болды. Georg Meyer-Keller қалыптар жоспары мен жобаларды техникалық пысықтау құрылыс процесінің өте маңызды құрамдас бөлігі екенін басқалардан бұрын түсінді. Осының бәрі 1957 жылдың 1 қазаны күні қазіргі күнге дейін бар NOE-Schaltechnik Georg Meyer-Keller KG фирмасын құруға әкеліп соқты.