Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

Қалыпты жалға алған артық па, әлде сатып алған артық па?

Жалға беру – жалдау ақысы үшін уақытша пайдалану.

Қалыптардың Еуропа нарқының  90% жалға алу және тек қана 10% сатып алу (бұл 10% ішіне стандартты емес өнімді сату кіреді), ал қалыптардың Қазақстандық анрқында жағдай қарама-қарсы - 90% сату және тек қана 10% жалға алу. Неліктен осындай айырмашылық бар және оның себебі неде?

Еуропада қалыпты жалға берудің бағасы әдетте қалыптың бағасының 2% - 5% аралығында болады. Клиентке спецификацияны келісіп Жеткізушімен  жалға беру келісім-шартын жасау жеткілікті. Жеткізуші Клиент-компанияның несие тарихымен еркін таныса алады. Қазақстанда жалға берудің  бағасы жаңа қалыптардың бағасының 10% дейін барады, оған қоса Жалға беруші кепіл талап етеді, ол қалыптың бағасының 30% дейін баруы мүмкін. Қалыпты жеткізуші жалға берген кездегі өзінің қауіптерін нақты бағалай алмайды, себебі құрылыс компанияларының көпшілігі өзінің қаржы іс-әрекеті туралы қалыптарды беруі ықтимал жеткізушілердің  алдында есеп беруді қажет деп таппайды, ал жеткізуші  Клиенттің несие тарихымен таныса алмайды, себебі бізде мұндай ақпарат құпия болып саналады. 

                  mailservice (1).pngmailservice (2).png

Сақтандыру компаниялары қалыптар деген не екенін және олармен жұмыс барысында қалай жұмыс істейтінін білген соң жалға беру келісім-шарттарын сақтандыруға  аса құлшына қоймайды, және өз қызметтері үшін жалға беріліп отырған қалыптардың құнының  2%-4% деңгейінде ақы сұрайды.

Қалыптарды жалға беру нарқында әдетте тек еуропалық брендтер ғана  бар.

Нарықтағы қалыптардың жалға беру құны  қабырға қалыпының 1 шаршы метрі үшін 4 500 - 6 000 теңге болады ("Peri", "Ulma", "Farezin" қалыптары).  Кепіл  құны 10 000 теңгеден 17 000 теңгеге дейін (әдетте, қайтарылмайды, себебі бөлшектерді бір бөлігі әрі қарай жалға беруге жарамсыз болып қалады). 

                          mailservice (3).png

Осы кестеден 6 айдан артық жалға алу клиентке тиімді емес деген тұжырымға келуге болады. Мүмкін кейбір қарсыластар Ресейде немесе Қазақстанда жасалған қалыптың құнын еуропалық қалыптың жалға беру құнымен салыстыру логикаға жатпайды деп айтуы мүмкін... Біз бұл мақалада клиенттің экономикалық пайдасын қарастырамыз, кез келген жауапты өндіруші өз өніміне кем дегенде 12 ай кепілдік береді және жеткізілген өнімнің сапасы үшін толық жауап береді.