Астана қаласы, Майлина көш. 4/1 Кеңсе 104

МОНОЛИТТІ ҮНЕМДЕУДІҢ 5 ФАКТОРЫ

Қалыптың құны қанша?

Артық айтқан емес, бұл кез-келген құрылыс фирмасының басшысының ең маңызды құрақтарының бірі, себебі ол компанияның табысы мен әл-ауқаты және монолитті жұмыстардың экономикалық тиумділігі үшін жауап береді.

Қалыптың құны қанша? Бұл сұраққа монолитті құрылымдарды орындаудың экономикалық тиімділігінің факторларының сызбасын қарастыра отырып жауап беріп көрейік.

Бірінші, біздің көретініміз – қалыптардың құны экономикалық көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізбейді, барлық экономикалық факторларға  қалыптар жүйесінің сипаттамалары басты әсерін тигізеді. 

Untitled-1.jpg

1.Инижиниринг  қалыптарды таңдаудан бұрын болады. Қалыпты қалай есептеу керек, объектті ұстанымдарға қалай бөлу керек, такттарды анықтау керек және т.б. Бұл фактор көптеген фирмаларда   бағаланбайды.

2.Еңбек шығындары. Еуропада бұл факторға монолитті каркасты салудың барлық шығындарының жартысын бөледі. Еңбек шығындарын азайту ең қомақты нәтиже береді.

3.Құрылымдардың сапасы объектіні  тапсыру мерзімдерін азайтып, ақшаны қосымша жасаулардан үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл құрылыс компаниясының жағымды имиджіне жұмыс істейді.

4.Құрылыс мерзімдері – құрылыс тапсырушысы үшін  ең маңызды факторларының бірі, құрылыс компанияларына құрылыс тендерін ұтып алуға мүмкіндік береді, ал мерзімдерін созу көбінесе штрафтық санкцияларға және болашақта фирмаға теріс көзқараспен қарауға әкеліп соғады.


mailservice (1).jpg

5.Қалыптардың амортизациясы – айналымдылыққа бөлінген қалыптардың құны. Жоғары айналымдылық – ең қиын қол жететін нәтиже, оған қалыптарды өндірушілердің барлығы ұмтылады; оған қалқандарды, қосалқы бөлшектерді  дайындау мен дәнекерлеудің күрделі автоматтандырылған технологияларын қолдану, шикізаттың кіргендегі сапасы мен дайын өнімнің шығардағы сапасын бақылау арқылы  қол жетеді.

Өте жиі ресейлік қалыптар шығарушылар көрсеткен айналымдылық  шын мәніндегі айналымдылыққа сәйкес келмейді. Сондықтан арзан қалыптар геометриясын жоғалтпай ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды деп сенімді айтуға болады.